Қазақстандық жеті жасар пианиношы Брюссельді бағындырды
2017 ж. 24 сәуір
1609
1
Брюссельде жас пианиношылардың «Merci, Maestro!» халықаралық байқауы өтті. Оның нәтижесі бойынша Қазақ ұлттық өнер университетінің тәрбиеленушісі Биәлі Бикенов «Ең жас орындаушы» номинациясында лауреат атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
20-23 сәуір күндері өткен шығармашылық фестиваль Брюссельдегі П.И.Чайковский атындағы музыкалық мектептің қолдауымен ұйымдастырылды. Байқауға 28 мемлекеттен 19 жасқа дейінгі 92 жас дарын қатысты.
Бәсеке іріктеу кезеңі мен финалдан тұрды. Бірінші кезеңде жеті жасар Биәлі Бикенов И.Бахтың «Шағын кіріспесін» («Маленькая прелюдия»), М. Мошковскидің «№5-інші Этюдін» және Ғ.Жұбанованың «Аңызын» орындады. Ал ақтық сында Д.Кабалевскийдің «Сайқымазақтарын» және Л.В.Бетховеннің сонаталарының бірін ұсынды.