ҰҚК арнайы операция өткізді: 11 адам ұсталды
2017 ж. 21 сәуір
2007
0
ҰҚК Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында терроризмді насихаттаған 11 адамды ұстады, деп хабарлайды Baq.kz.
Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында Ішкі істер органдарымен бірге арнайы операция жүргізді.
Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымын қолдауға шақырғаны және оларға қатысты материалдарды таратқаны үшін 4 радикалды топтың жолы кесілді.
Операция кезінде 11 адам ұсталды.Террорризмді насихаттау және діни алауыздық тудыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту, куәлардан жауап алу және басқа да тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.