Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жатақханасында болған жаппай төбелестен студент қаза тапты
2017 ж. 12 сәуір
2977
0
Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында бірінші және екінші курстың шамамен 10 студенті түнгі уақытта төбелес шығарған - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Түнгі сағат бірде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында бірінші және екінші курс студенттерінің арасында төбелес шыққан. Салдарынан бірінші курстың 1999 жылғы студенті қаза тапты. Пышақ жарақаты немесе басқа да көрінетін жарақаттар жоқ, дене жарақаты да анықталмады. Төбелес шығып, бір студент қаза тапты. Жедел жәрдем шақырған, олар студенттің қайтыс болғанын айтқан. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді", - деді Алматы қалалық прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.
Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 адам төбелескен. Зардап шеккендердің бірі - кәмелет жасына толмаған. Төбелеске қатысқан барлық адам ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.