Қазақша сөз естіген банк күзетшісі көз жасын тыя алмады. Қазақстанда!!! (фото)
2017 ж. 28 наурыз
5155
13
Қарағанды қаласындағы банк күзетшісі шетелден келген қандастың қазақша сөйлегеніне қуанып, көзіне жас алды. Бұл туралы Ерлан Әшім есімді фейсбук қолданушысы өз парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
Бүгін қобалжытатын жағдайға кезіктік. Əйелім Парижден келген Gulsah Esdevlet деген қонақ досымызды KAZKOM (Қарағанды, Кривогуз к.) банкісіне апарған. Гүлшах кассадан Франциядан келген ақшасын алу керек еді.
"Мен орысша білмеймін, қазақша сөйлесейік"- дейді ол қызметкер кассирге. Естіп қалған кісілер аң-таң. Қызықтап сұраған: "Кімсіз, қайдан келдіңіз?". Мəн-жəйді білгенсін бүкіл шаруасын шешіп береді.
Бір уақытта қасында тыңдап қана тұрған банк күзетшісі үндемей ғана бір парақ қағазды алып тез арада бірдеңе жазып арттарынан мəшинеге дейін келіп, қағазды қолына ұстата қойыпты. Гүлшах қарындасымыздың айтуынша, ағайдың көзінде жас тұрыпты.
"Өз ішімізде ҚАЗАҚ бола тұра ҚАЗАҚША СӨЙЛЕГІСІ келмейтін, білсе де БІЛГІСІ келмейтін МАҚҰЛЫҚ, МАЛҒҰН қазақтар аз емес. Сіз олардың жанында теңдесі жоқ алтынсыз", - деп жазды күзетші өз хатында.
Берген қағазы мынау: