Атышулы журналист Жарылқап Қалыбай Қазақстаннан кетіп қалды
2017 ж. 27 наурыз
7897
5
Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай 60-қа қараған шағында ағылшын тілін үйренуге бет бұрды. Елге танымал журналдардың бас редакторы сол үшін арнайы АҚШ-қа аттанған деп хабарлайды NUR.KZ.
"Жарылқап Қалыбай баспагер ретінде ағылшын тілін бұрыннан үйренгісі келіп жүрген. Оның мақсаты жаңалықтарды басылымдардан ешқандай өзгеріссіз, аудармасыз түпнұсқада оқу. Осы жасқа келгеніне қарамай (57 жас) ол Америкаға келді. Нью-Йорктің түбіндегі кішкентай қалашықта ағылшын тілінің академиялық курсында оқып жүр. Ол жерде оқу арзан және жатақхана беріледі. Онда білім алушылардың көбі орта жастағы жандар. Ол екі шетелдікпен тұрады, сондықтан тілді терең меңгеруде", - деп жазады ол.
Жан Гаскиннің айтуынша, өзге тілді меңгеруге адамның жасы кедергі бола алмайды. Жарылқап Қалыбай маусым айында елге оралмақ.