Араб шейхы Астанадағы қоғамдық әжетхананы көріп, есінен тана жаздады
2017 ж. 26 наурыз
3903
7
Астана темір жол вокзалындағы әжетханалардың салдарынан халықаралық қатынастар бұзылуға шақ қалды, деп хабарлайды Rezonans.kz басылымына сілтеме жасап «Қамшы» порталы.
«Есіктің алдында отырған мыстан секілді әйел менен 50 теңге беруімді талап етті. Басында бұған мән бермеген едім, кейіннен аңғардым: адамнан өз қажеттілігін өтеуі үшін ақша сұрау – тозақтың бірінші белгісі. Ол жерге кіргенімде есіме бірден астыртын сөздер түсе бастады. Онда күнәхарлар өте көп еді, отты Жаһаннамның алғашқы белгісі – ластық пен зұлымдық. Тұншығып қала жаздағанымда, мені періштелер құтқарып қалды. Аллаға шүкір!» - деп, өз сезімін осылай жеткізді шетелдік қонақ.
Дәл сол күні араб шейхы өзінің Дубайдағы кеңсесіне хабарласып, Астана қаласына дереу жеке адамға арналған әжетханалар жіберуін сұраған. Шетелдік досының таңырқаған түрін көріп, Мұрат Телібеков жедел түрде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешовке хат жолдады.
«Балам! Дереу темір жол вокзалдарындағы әжетханаларды ретте. Неге Астана қаласындағы әуежайдың әжетханалары таза әрі адамдар онда тегін кіре алады да, ал вокзал әжетханаларында мынадай сұмдықтар орын алуда?! Сен ешқашан да темір жолмен жүрмейтініңді білемін, алайда қызық үшін өзің бір кіріп көрші. Қысқасы, саған бір ай уақыт беремін. Келесіде Астанаға келгенімде темір жол вокзалдарындағы әжетханалардың іші таза, өз пәтеріңдегідей жұпар аңқып тұратын болсын. Мұндай болмаған жағдайда, сенімен басқаша сөйлесуіме тура келеді. Сен менің мінезімді білесің!» - деп қысқа қайырды өз хатында.