ШҚО ІІД: Головотюктің қос азаматтығы туралы ақпарат расталмады
2017 ж. 19 наурыз
2512
0
Осыған дейін отандық БАҚ-та ШҚО мәслихатының хатшысы Головатюк Владимир Михайловичтің Ресей азаматы болуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. Онда 1988 жылдың 12 тамызында Головатюк Владимир Михайлович есімді азамат Ресей Федерациясының «Азаматтық туралы» заңының 3 бабының негізінде Астанадағы Ресей елшілігінің консулдығында Ресей азаматтығын алғаны» туралы жазылған.
Бұл туралы Қамшы порталы хабарлайды.
Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының қос азаматтығы жайында қауесет расталмағаны туралы белгілі болды.
Полицей қызметкерлері ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін 2 ай уақытын жұмсаған. «Тексеру нәтижесінде ШҚ облысы мәслихатының хатшысы Владимир Головатюктің қос азаматтығы жайында ақпарат расталмай шықты», деп мәлімдеген ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.