Саясаттанушы: Әлі бірнеше облыстың әкімі ауысады
2017 ж. 15 наурыз
2316
3
Қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев елдегі ауыс-түйістерге қатысты пікір білдірді. Ол алдағы күндері тағы бірнеше облыстың әкімі ауысады деген пікірде. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әшімбаев қызметінен босатылған әкімдердің жаңа қызметке тағайындалатынын айтуда.
«Әңгімелерге сенсек, әлі бірнеше облыстың әкімі ауысады. Бізде күніне төрт әкімнен артық ауыстырудың ыңғайы келмейді (…) "Пышақ астына" түсетін 6-8 әкім туралы айтқан», - дейді ол.
Саясаттанушы әкімдерді ауыстыру не үшін қажет екенін де түсіндіріп өтті.
«Не үшін басшыларды ауыстырады? Себебі бір орында отыра берсе, шаршаңқылық пайда болады (…) Қанша дегенмен жаңа серпінмен жұмыс істейтін адамдарды қою ауадай қажет», - дейді Әшімбаев.
Маман не себепті ауыс-түйістердің енді болып жатқанына да тоқталды.
«Өткен жылдың аяғында үкімет ауысты, кейін жолдау, кейін конституциялық реформа. Қол босай салысымен, кезек әкімдік корпусқа жетті», - дейді ол.