Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды
2017 ж. 14 наурыз
2691
0
Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
Бүгін Ақтауға жұмыс сапарымен барған премьер-министр Бақытжан Сағынтаев отырыс барысында мәслихат депутаттарына бағытталған, облыс әкімінің лауазымына Тоғжанов Ералы Лұқпанұлының кандидатурасын ұсыну туралы мемлекет басшысының хатын оқып берді.
Депутаттар бірауыздан президент ұсынған кандидатураны қолдады.
Ералы Тоғжанов бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінде болды.