Әділет министрі Қазақстанда моргтардың жетіспейтініне шағымданды
2017 ж. 14 наурыз
2043
2
Әділет министрі Марат Бекетаев ірі қалалардың әкімдеріне республикалық бюджетке моргтардың құрылысына ақша бөлу ұсынысымен өтінім жолдауға кеңес берді. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
«Соңғы жылдары жаңа үйлер мен ауруханалардың құрылысына көптеп қаржы бөлінуде. Жақында Әділет министрлігіне сот-медициналық сараптамасы келіп түсті. Соңғы жылдары жаңа моргтардың құрылысына қаржы бөлу тұралап қалғанын атап өткім келеді. Бір кездері бұған тіпті көңіл бөлінбей кетті, ірі қалалар үшін бұл өте маңызды сұрақ», — деді Бекетаев Үкімет отырысы барысында.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз кезегінде Әділет министрлігімен бірлесе отырып бұл сұрақ бойынша жұмыс атқаратынын айтты.