Қазақстандағы ең ірі Алакөл шипажайы жабылып қалды
2017 ж. 24 ақпан
6223
2
Алакөл көлінің маңында орналасқан көптеген демалыс базаларына жаңа маусымда келушілерді қабылдауға тыйым салынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.
Мұндай шешімді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.
Хабарламаға сәйкес, 147 туристік нысанның 139-ы санитарлық нормаға сәйкес келу өніндегі тексеруден өте алмаған. Олардың аумағында қауіпсіздік талаптары бұзылған және қажетті инфрақұрылым жоқ.
Өңір басшысы Алакөл жағалауында құрылыс жүргізуге жаңа жер телімдерін беруге тыйым салатын қаулы шығарды.
"Толық әлеуметтік жауапсыздық, барлығы өз қалталарын толтыру үшін жұмыс істеген. Ешкім көріктендіру керектігі туралы, мейрамханалардың санитарлық талаптарға сәйкес болу керектігін ойламаған. Жақсы, бұл өткен жылдың тарихы. Бұл жылы барлық жұмыстар істелмейінше, ешкім алмайды. Барлығы тоқтатылды. Ретке келтіруге тиіс нәрсенің бәрін орындаңыздар, сосын көреміз", — деп мәлім еті Даниал Ахметов.
Ағымдағы жылы әкімдік кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін 550 миллион теңге бөлді. Ақша жалпы пайдалануға арналған жағалаудағы аумақты көріктендіруге және жолға жұмсалады.