Полицейлерге жол ережесін бұзғандардан ақша алуға рұқсат етілді
2017 ж. 23 ақпан
6244
10
Жол полициясының қолында енді POS-терминал болады. Банк картасы бар жүргізуші жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлды дәл сол жерде төлей алады деп хабарлайды patrul.kz.
POS-терминалдар Алматы облысында қолданыла бастады. Ол дүкеннен тауар сатып алғандағы төлем жүйесі секілді. Банк картасы POS-терминалдың чип-ридеріне қойылады, «Әкімшілік айыппұлдарды төлеуді» таңдайды. Сомма мен хаттаманың нөмері енгізіледі. Осыдан кейін терминал pin-кодты сұрайды. POS-терминал процессингті орталықпен байланысып, нәтижесін көрсетеді.
Аппарат екі түбіртекті бірден шығарып береді. Біреуінде жүргізуші қол қойып полицияға береді, екіншісі өзінде қалады. Онда «Әкімшілік айыппұлға төлем» және «Мақұлданды» деп жазылып тұрады. Өзге адамның картасымен төлем жүргізуге болмайды. Жол ережесін бұзған адам тек өзінің картасын ғана қолдана алады.