Павлодар облысының әкімі Наурыз мейрамын сәуірде тойлауды ұсынды
2017 ж. 20 ақпан
3885
4
Ағымдағы жылы солтүстік өңірдегі қыстың кеш қайтуына байланысты Наурыз мейрамы Павлодар өңірінде сәуір айында тойлануы мүмкін деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауовтың халық алдындағы есеп беру жиынында белгілі болды.
"Алда Наурыз мейрамы келе жатыр. Оны тиісті деңгейде атап өту бойынша мен былтыр жылдың аяғында зиялы қауым өкілдерімен кездескенде ұсыныс білдірген едім. 22-наурызда біздің өңірімізде қыстың беті қайтпайтын кезең. Сондықтан да сәуір келген соң, осы айдың соңына қарай арнайы жер таңдап, ел болып атап өткен жөн деп білемін. Халқымыз «Сәуір болмай, тәуір болмайды» дейді. Бұл енді, ұсыныс ретінде жасалған дүние. Егер жалпы қоғам тарапынан қолдау тауып жатса, бұл жағдайды да реттейтін боламыз", - деді Болат Бақауов.