Дональд Трамп - Ресей Қырымды қайтарады
2017 ж. 15 ақпан
2521
3
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Украинаға Қырымды қайтарады деп пайымдады, деп хабарлады Ақ үйдің пресс-хатшысы Шон Спайсер. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Қамшы хабарлайды.
«Трамп Ресей билігінің Украинаға көрсетекен деэскалациялық күштеуін жойып, Қырымды қайтаратынын ашық түсінідірді»,- деді Спайсер брифинг кезінде. Оның үстіне, АҚШ президенті Ресеймен арадағы байланысты реттеп, көптеген мәселелерді шешетініне сенімді болды. Ең басты мәселе ретінде Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» еді. Спайсер АҚШ-тың қазіргі антиресейлік санкциясы өзгеріссіз қалатынын да айтып өтті.
Қорғаныс комитетінің басшысы Виктор Озеровтың пікірінше, Ақ үйдің «Қырымды қайтару» туралы мәлімдемесі Трамптың «проресейлік» позиициясына қатысты наразылығын бәсеңдету мақсатында президент әкімшілігінің қалауымен байланысты болуы мүмкін. Референдум қорытындысы бойынша, Украинадағы мемлекеттік төңкерістен кейін Қырым қайтадан Ресей аймағына қосылды. Оның Ресеймен қосылуын тұрғындардың 95% қолдаған болатын. Ресей Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты келісімге және жанжалға қатысы болмағандықтан, Мәскеу Батыс санкциясы мен Минск келісімін байланыстыруды негізсіз деп санады.