ҰҚК Алматы облысында теракт жасамақ болған 15 адам ұсталғанын хабарлады
2017 ж. 12 ақпан
3312
0
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен бірлесе Алматы қаласы және Алматы облысы маңындағы аудандарда бірқатар арнайы операциялар жүргізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Қазақ Үні" хабарлайды.
Екі радикалды топ пен діни-экстремистік идеологияны ұстанушы 6 адамның іс-әрекеті бейтараптандырылды.
Терроризмді насихаттау, террористік іс-әрекетке қатысуға дайындалу, діни алауыздықты қоздыру және қаруды заңсыз сақтауға қатысты деген айыппен барлығы 15 адам қамауға алынды.
Ұсталғандардың тұратын мекенжайларын тінту барысында 5 граната, халықаралық террористік ұйымдардың атрибутикасы, діни мазмұндағы әдебиет және ақпаратты электронды тасымалдауыштар тәркіленді.
Тергеу іс-қимылдары жалғасуда.
Көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру сонымен қатар «Универсиада-2017» жарысын өткізу кезінде қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етуге ықпал жасады.