Талапкер мен Қабанбай батыр ауылдары Астанаға қосылмайды
2017 ж. 09 ақпан
4088
0
Талапкер мен Қабанбай батыр ауылдары Астанаға қосылмайды. Тіпті таяу уақытта ешқандай елді мекенді қосу жоспары жоқ. Кешелі бері осы ауылдар Елорда аумағына енеді деп сүйіншілегендерге Астана қаласының жер қатынастары басқармасының бастығы осылай деді.
Бұл туралы astanatv.kz арнасы хабарлайды.
Елбасының жарлығымен елорда аумағына қосымша 8 719 га жер қосылады. Бұл жер, біріншіден, халықаралық әуежайдың аумағын ұлғайту үшін алынып отыр. Өйткені көктем мен күзде ұшақтар ұшып-қонатын жолақтарды су басу қаупі бар көрінеді. Целиноград ауданындағы Майбалық көлінің аумағындағы 7300 гектар әуежайға қосылады. Сонымен қатар 460 гектар жер жаңа зиратқа беріледі. Өйткені қаланың аумағындағы зираттарда бос жер қалмаған, сондықтан жаңа зиратты ұйымдастыру қажет болып отыр, - деді жер қатынастары басқармасының бастығы.
Назымбек Кенжебаев, Астана қаласының жер қатынастары және жерге бақылау мен қорғау жүргізу жұмыстары басқармасының бастығы:
БАҚ пайда болған хабарлар, қаланың аумағына Қосшы, Тайтөбе сияқты елді мекендер енеді деген ақпарат жалған, шындыққа сай емес. Өйткені қаланың аумағына берілген жерлер елді мекенсіз, халықсыз жерлер, бос жерлер. Астана агломерациясының тұрақты дамуы жөніндегі кеңесінің алғашқы отырысында қала басшысы Әсет Исекешов Елорданы дамыту бойынша 20 қадам деп аталатын бағдарламаның дайындалғанын хабарлады. Бағдарлама өзекті деген білім беру, денсаулық сақтау, көлік қозғалысы, коммуналдық шаруашылық, туризм, құрылыс сынды өзге де маңызды 20 бағытты жетілдіруді көздейді.
qazaquni.kz