Қазақстанда отандық фильмдер көрсететін жаңа телеарна ашылады — Дәурен Абаев
2017 ж. 07 ақпан
3609
10
Наурыз мейрамына қарай Қазақстанда «Еларна» атты жаңа телеарна ашылады. Онда отандық фильмдер мен сериалдар көрсетілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады.
«Наурыз мейрамы қарсаңында жаңа «Еларна» кино-телеарнасын іске қосу жоспарлануда. Бұл арна отандық көркем және деректі фильмдер мен сериалдарды трансляциялайтын болады» деді министр.
Айта кетейік, телеарна «Хабар» агенттігінің құрамында болады.