Өзбекстан президенті Арал теңізін "тірілтуге" миллиардтаған доллар бөлмек
2017 ж. 02 ақпан
7288
11
Өзбекстан үкіметі бес жылдың көлемінде экологиялық жағдайы нашар Арал аймағының дамуына 2,6 миллиард доллар бөлуді көздеп отыр. Өзбек президенті Шәвкат Мирзиёев 2017−2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Құжат 30 қаңтарда күшіне енді.
Бұл туралы 365info.kz хабарлайды.
Қаражат аймақ тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталады. Атап айтқанда, жұмыс орындары ашылып, жаңа үйлер салынады, су жүргізіледі, медициналық қызмет жақсарады, жергілікті тұрғындарға шағын несиелер бөлініп, әлеуметтік төлемдер өседі.
Көлемі жағынан әлемдегі төртінші табиғи су қоймасы — Арал теңізі — 1960 жылдардан бері 90 пайызға азайды, оның бір себебі — теңізге құйылатын Амудария мен Сырдария өзендері советтік ирригациялық жобаларды жүзеге асыруға пайдаланылды.
Бұның соңы Қарақалпақстан өзбек автономиясы мен Қазақстанда экологияның күрт нашарлауына алып келді.