Рамзан Қадыров күдіктілердің барлығын ескертусіз атуды бұйырды
2017 ж. 26 қаңтар
2202
0
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров полиция мен әскерилерге адам шығыны болмас үшін заңсыз қарулы құрылымдарға қатысы бар деген күдікке ілінгендерге ескертусіз қару қолдануға рұқсат берді деп хабарлады Азаттық.
Қадыров қару қолдануға рұқсат бергені туралы 24 қаңтарда Шешенстан ішкі істер министрлігі алқасының отырысында мәлімдеген. "Егер сезіктуса, ескертусіз атып тастаңыздар! Не себепті тәуекелге баруыңыз керек?" деді ол.
"Кавказский узел" сайты хабарламасында "Полиция туралы" заңның 19-бабы бойынша полиция қызметкерлері қару қолданбас бұрын ататын ескертуі тиіс. Полиция күдіктіге "қару қолдануды кешіктіруі азаматтардың немесе полиция қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірсе немесе басқа да ауыр зардап келтіретіндей болса" ескертусіз атып тастай алады.
Сайт мәліметіне қарағанда, 2016 жылы Шешенстанда қарулы қақтығыстан 27 адам қаза тапқан, олардың алтауы - күш құрылымдарының қызметкерлері.