Шымкент әкімінің балаларын астаналық полицейлер ұстап алды (видео)
2017 ж. 26 қаңтар
2626
0
Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың балаларын рейд жүргізген астаналық полицейлер ұстап алды. Бұл туралы Әбдірахымовтың өзі халықпен кездесулердің бірінде жайып салды, деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.
«Балалар тәрбиесі туралы, сіздер ата-анасыздар. Бала біріншіден сіздерге керек. Сондықтан баланы қарау керек. Мына жерде отырған полицейлердің басшыларына айтайын деп отырмын, сіздер рейд жасаңыздар. Кешке балалардың ата-анасыз жүруіне рұқсат жоқ. Дұрыс па? Сіздер оны тексеріп жатқан жоқсыздар. Мен өткенде кинотеатрлардың алдында жүрдім, сосын жаяу жолдардарда жүрдім кешкісін. Кішкентай балалар гүл сатып жүр. Соның бәрін қарау керек», - деген Әбдірахымов өз балаларының басынан кешкен мына бір оқиғаны жеткізді.
«Өткенде демалыс күні Астанада болғанбыз. Сол кезде біздің үйдегі балалар сағат онда киноға барған. Кинотеатрда оларды ұстап алып, жібермей қойды. Біз өзіміз барып, құжатымызды көрсетіп, «ойбай, біздің баламыз» деп қайтарып алдық. Сондай жұмыс жүргізу керек бізге. Әйтпесе күніге әртүрлі нәрселер болады, балаларды ұрлап кетеді. Соны арнайы бағдарлама жасап қолға алыңыздар» деп сөзін түйді Шымкент әкімі.