Бигелді Ғабдуллин 5 жылға бас бостандығынан шектелді
2017 ж. 24 қаңтар
2386
0
Сот CentralAsiaMonitor бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллинге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол лауазымды тұлғалардан бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған еді.
Бигелді Ғабдуллин 5 жылға бас бостандығынан шектелді. Ол сот залында қамаудан босатылды.
Ал осыған дейін прокурорлар Ғабдуллинді бас бостандығынан айыруды сұраған. Ұлттық бюроның мәліметінше, Ғабдуллин осыдан кейін сынды азайту үшін лауазымды тұлғалардан өз медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыстарды бопсалаған. Олар, өз кезегінде Ғабдуллиннің компанияларын лоббилеп, мемлекеттік сатып алулар туралы келіссөздерге қол қойылуын қамтамасыз еткен. Осыдан кейін, БАҚ-тарда олардың қызметі туралы тек жағымды материалдар жариялана бастаған. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінде Ғабдуллин бюджет қаражатынан 10 миллион теңге бопсалаған. Осыған ұқсас жолмен Ғабдуллин 7 мемлекеттік органнан мемлекеттік тапсырыс алған.