Аян Мейірбаевтың әпкесіне қылмыстық іс қозғалды
2017 ж. 24 қаңтар
2619
0
Ерасыл Әубәкіровтің жантүршігерлік өліміне қатысты болуы мүмкін жаңа күдікті пайда болды. Полиция Аян Мейірбаевтың әпкесін тергеуде. Бұл туралы "КТК" арнасы хабарлайды.
Студенттің мәйітін Аян Мейірбаевтың әпкесі тапқан болатын. Ол Аянның көлігін жууға алып барғанда, студенттің мәйіті көліктің ішіне жасырылған еді. Ал бұдан бейхабар әпкесі мәйітті көрген соң полицияға хабар бермеген.
Кейін мәйіттен құтылу үшін өзгелердің көмегіне жүгінген Мейірбаева енді қылмысты жасырғаны және жалған ақпарат бергені үшін айыпталып отыр.
Ал мәйіттен құтылуға көмектескен сыбайластары туралы әзірге белгісіз.
11 қазан күні Астанада Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген айыпен Нұрбек Әжімбай 20 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Тергеу мәліметі бойынша, ол екі сыбайласымен студентті азаптап өлтірген. Сонымен қатар сотталушы Аян Мейірбаевты бопсалау мақсатында Әубәкіровтің өліміне кінәлі етіп көрсетпек болғаны дәлелденген.