«Қарақалпақстан қайда?». Шәвкат ака көрші елдермен арадағы шекараны қайта қарамақ
2017 ж. 22 қаңтар
8971
16
Өзбекстан көрші төрт елмен мемлекеттік шекараларды делимитациялау және демаркациялау жөнінде келіссөздерді күштейпек. Бұл ел президентінің 2017−2021 жылдарға арналған мемлекеттің Даму стратегиясына байланысты жүзеге аспақ, - деп хабарлайды 365info.kz.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, министрліктер мен тиісті мекемелерге бірінші тоқсанда мемлекеттік шекараларды реттеудің жоспарын құру жүктелген.
Онда Қырғызстанмен шекарадағы келісілмеген аймақты реттеуді тездету тапсырылған.
Сырдария, Навои, Жызақ облыстарындағы жер телімдері бойынша Қазақстанмен демаркациялау келіссөзі жүргізілмек. Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарымен шекаралас Қарақалпақстан автономды республика бойынша келіссөздер өтпекші.
Тәжікстан және Түркіменстанмен шекарадағы келісілмеген аймақтарды да реттеу мәселесі қарастырылған.