Наурыздағы демалыс күні мен Астана күні ауыстырылды
2017 ж. 19 қаңтар
2659
0
Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы Премьер-министрдің сайты хабарлайды.

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге және 2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.