Қазақстан тарихы оқулығындағы интимдік сурет ата-аналарды шошытты (фото)
2017 ж. 11 қаңтар
5694
1
5 сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқулығындағы ежелгі адамның тым ашық суреті ата-аналарды шошытты деп хабарлайды NUR.KZ.
"Мына ежелгі адамның бір жерін жауып қоюға не жетпеді екен?!", - деп таңданған сурет авторы.
Ата-аналардың айтуынша, аталмыш сурет бесінші сынып оқушыларын ыңғайсыз жағдайға қалдырған.
«Иә, мұндай сурет бар. Ұлым айтты, сыныбындағы оқушы мұғалімнен ежелгі адамның екі аяғының ортасындағы жер неге жабылмаған деп сұрағанда, "мүмкін олар сол заманда осылай жүрген шығар" деп жауап берген», - дейді тағы бір жеткіншектің анасы.
Үлкендердің кейбірі мұндай суретті бесінші сынып оқушысы үшін тым дөрекі деп есептесе, кейбірі бұл суретке қарап күліп алған.
Сондай-ақ, «Егер менің қызым 4 сынып бітіргенше суреттің көзін құртпаса, мен кітаптың бұл бетін жыртып тастаймын», - деп наразылық білдірді жас әке.
«Ежелгі адам жүгіріс кезінде бұтындағы матасын жоғалтып ап, фотограф сол сәтті түсіріп алған шығар», - деп сарказммен жауап қатқандар да бар.