Жамбылда жойқын жарылыс болды (ФОТО)
2017 ж. 11 қаңтар
3042
1
Жамбылда төтенше жағдай. Аймақтағы ең ірі «Казфосфат» зауытында жойқын жарылыс болды. Жараланғандар бар дейді куәгерлер. Бірақ әзірге оқыс оқиғаға байланысты ресми органдар мәлімдеме жасаған жоқ деп хабарлайды 31 арна.
Сөздерінше, зардап шеккен адамдардың қатары қалың. Оқиға орны оқшауланып, күзетшілер ішке ешкімді кіргізбеуге бұйрық алған көрінеді. Жарылыс болған сәтте зауытта болған қызметкерлер химиялық қопарылыстан тіпті жер сілкінгенін айтады. Тіпті терезелері түгел сынып атылғанын жеткізді.
"НДФЗ зауытынан науқас Франгулиди 1949 жылғы азамат жеткізілді. Түскен кезіндегі науқастың диагнозы 1-2 санаттағы химиялық күйік. Беті және оң жақ білек тұсы", - дейді Тараз қалалық №2 ауруханасының дене күйік бөлімінің дәрігері Әбілсейіт Сыдықов.