«АҚ ЖОЛ» ЖЕТЕКШІСІ АҚТАУЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
2017 ж. 10 қаңтар
1994
2
Ақтау қаласында «Ақ жол» ҚДП-ның Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Партия төрағасы Азат Перуашевпен кездесуге «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары Болат Өтепбаев, «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің мүшесі Жаңбырбай Доспаев, партияның Маңғыстау облыстық филиалының Кеңес мүшелері, ақылдасар алқасы мен облыстық филиал мүшелері, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясының Маңғыстау облыстық филиалы жанындығы «Ақ жол-жастар» қанатының жастары, Маңғыстау индустриялдық палатасының қызметкерлері, Ауған соғысы ардагерлері, «Маңғыстау облыстық Семей ядролық сынақ полигонының ерекше тәуекел етушілер бөлімінің ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігі және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында Ауған соғысы ардагерлері мен Чернобыль Атом электр станциясында болған апатты залалсыздандыруға қатысушылар Сағидолла Төленов, Ырзабек Өтегенов әлеуметтік көмек мәселелері және «Маңғыстау облыстық Семей ядролық сынақ полигонының ерекше тәуекел етушілер бөлімінің ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігі мүшесі Қорғанбай Іздібаев өткен ғасырда Семей жерінде сынақтан өткен атом бомбаларының зардаптары бойынша және де басқа көптеген көкейтесті сұрақтарын қойды.
«Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі болашақ ұрпаққа үлгі болуы тиіс» – деді, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартбек Дүйсенбаев. Ол «Ақ жол» партиясының бүгінгі күні Алаш идеяларын насихаттау, кәсіпкерлерді қолдау, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерінің оңды шешімін табуы сияқты ілкімді істердің атқарылып жатқандығына өз ризашылықтарын білдірді.
Одан әрі, Маңғыстау облыстық «Ақ жол-жастар» қанатының ата-аналар комитетінің мүшесі, ұстаз Нұржамал Исамбаева әрбір азаматтың жетіліп, дамуы үшін белгілі бір тәрбие беретін ортасы болу керектігін алға тартты. Осы бағытта қоғамға пайдасы мол іс-шараларды ұйымдастыруға бастамашы болып жүргені үшін Азат Перуашевқа аналық алғысын айтты.
Шара соңында Азат Перуашев «Ақ жол» ҚДП орталық кеңесінің мүшесі, Маңғыстау индустриялдық палатасының директоры Жаңбырбай Доспаевты «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапаттады. Сондай-ақ, партия басшысы ақтаулықтарға еңбекте табысты, өмірде бақытты болуларына тілектестік білдірді.
«Ақ жол» ҚДП-ның Маңғыстау облыстық баспасөз қызметі
qazaquni.kz