Шенеуніктер рушылдық деңгейін анықтау үшін сынақ тапсыра бастады
2017 ж. 07 қаңтар
2345
2
Шымкентте шенеуніктер рушылдық деңгейін анықтау үшін сынақ тапсыра бастады деп хабарлайды 31 арна.
Сонымен бірге тапсырушылар шатасуға әкелетін сұрақтардың бар екенін жасырмады.
"Бұл жерде өзімнің туысқандарыма көмектесемін деп айтылады және осы жаңағы сұрақты ия қолдаймын не қолдамаймын деп жауап беру керек", - дейді мемлекеттік қызметкер Еркеғали Әлімқұлов.
Ал тапсырмағандары тарапынан да қобалжудың сезілгендігі байқалады. Себебі, нәтижесіне орай, қызметтен төмендету не болмаса орынтағыңмен қоштасуың да мүмкін екендігі жайлы ақпарат та тарап үлгеріпті.
Алайда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі қызметтегілер бұл енді ғана бастау алған сынақ түрі. Оның нәтижесі кешеуілдеп хабарланады деп отыр. Толық аяқталғаннан кейін ғана, нақты қолданылатын шаралар жайлы сөз қозғауға болады, әзірге қызметінен қудаланады деу ерте дейді.
"Осы тестілеуден өту арқылы ол азаматтардың өзінің біліктілігі, жеке қандай қасиеттерге тән жағдайларын анықтайтын боламыз", - дейді Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ОҚО департаменті басшысының орынбасары Айбек Шылманов.
Өңірдегі 8 мың мемлекеттік қызметкердің 6 мыңы осы сынақтан міндетті түрде өтетін көрінеді. Олар осы жылдың маусым айының ортасына дейін сынақ тапсырады.