Ерлан Ыдырысов еркін сөйлейтін тіліндегі елге кетті
2016 ж. 30 желтоқсан
2799
3
Ерлан Ыдырысов жаңа қызметке тағайындалды. Ол Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісі қызметін атқаратын болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Сыртқы істер министрлігінің жаңа министрі Әбдірахмановты таныстырды.
Ал Ерлан Ыдырысов болса, Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісі қызметіне тағайындалып, президент оның министр қызметін атқарғандағы сіңірген еңбегіне алғыс білдірді.
"Ерлан Ыдырысов еркін сөйлейтін тіліндегі елге кетті"- деген тақырып осымен екінші рет "Қазақ үнінде" жазылып отыр. Бірінші рет осыдан 14 жыл бұрын, 2002 жылы Ұлыбританияға елші болып кеткенде жазып едік...
Президент СІМ-ді алдағы уақытта маңызды жұмыстар күтіп тұрғанын алға тартты.
"Қазақстан 1 қаңтардан бастап БҰҰ қауіпсіздік қызметіндегі жұмысына кіріседі. Бұл біздің елге дүниежүзілік қауымдастықтың құрметпен қарайтынына дәлел", - дейді Назарбаев.