Аружан Саин балалар үйінде зорланған сәбидің хатын жариялады
2016 ж. 27 желтоқсан
6473
3
Қоғам қайраткері, «Дом» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин балалар үйінде сексуалды зорлыққа ұшыраған баланың хатын жариялады, - деп хабарлайды nur.kz.
Мені бәрінің өтірікші деп атап, мен жайлы жақсы айтпайтынын білем. Бұл жайт мені ренжітеді. Мен жайлы айтқандарға көңіл аудармауға да болады. Ал оның мені зорлап келгені өте қорқынышты және ауыр жағдай.
Мен С., айтқан нәрселерді істегім келмейтін, алайда, ол мені мәжбүрледі. Мен тығылып, одан қашып жүрдім. Бірақ мен тәрбиешіге барлығын жайып салып, маған бәрі қорқынышты екенін айттым. Алайда, ол сөзіме аса мән бермей, ешкімге айтпауымды, ұят болатынын айтты. Директор болса, үлкен аула салып, оны кіргізбей қоямын деді.
Бірақ ол тек мені зорлаған жоқ. Басқа балалар да болды. Мен шындықты айтқаным үшін өкінбеймін. Осы уақыт аралығында маған сараптамадан өтіп, бірнеше рет оқиғаны қайталап айтып беруге тура келді. Мұның бәрі мен үшін ауыр.
Мені және басқа балаларды қорғайтындарға рахмет. Бүгінде мен отбасының балалар үйінен жақсы екенін анық білемін.
Мен тек өзімді емес, басқаларды да қорғаймын. Мен балалар үйінде қалған балаларда бәрі жақсы болғанын қалаймын.
С.,-ны қорғайтын адамдар мен жайлы ғана емес, менің отбасым туралы да жаман айтады. Алдымен өздеріне қарап алса ғой... Мені асырап алған ата-анам менің сөзімді сөйледі. Мені қорғады. Ал өзгелерді ешкім қорғаған жоқ.
Аружан тәте, олардың айтқаны шындыққа жанаспайтынын жеткізіңізші. Басқа балалар мұндай жағдайды ойламасын да, ешқашан білмесін де..."