Әкімнің тоқалы болғысы келетін қазақ қызы жалпақ жұртқа жар салды
2016 ж. 23 желтоқсан
3293
1
Қазақ қызы өзін әкімнің тоқалы болғысы келетінін айтып, жалпақ жұртқа жар салды деп хабарлайды NUR.KZ. Желіде журналист Мұхит Сапарбаевтың "Неге?" деп аталатын авторлық бағдарламасынан үзінді жарияланды.
"Бүкіл Қазақстанға көрсетсіңіз мені. Маған бір ағаның көзі түсіп, ұнатып қалса, жақсы болар еді.
Әрине, тоқал болуға дайынмын. Кім дайын емес? Мен тоқал болғым келеді. Егер жақсы азаматтар болса, маған көмектесуге дайын болса, мен де дайынмын», - деген қыз жай адамның, тіпті әншінің де емес, әкімнің тоқалы болғысы келетінін айтты.
"Әншілер керек емес деп ойлаймын әкім ағалар тұрған кезде. Мен әкімнің тоқалы болуға лайықпын»,- деді ол.
Қыздың жауабы әзіл ме, әлде ол шынайы әрі қалжыңсыз жауап беріп тұр ма - ол жағы белгісіз.