Тоқтар Төлешовтің ісі бойынша сотталғандарға рақымшылық жасалды
2016 ж. 24 желтоқсан
2654
0
Әскери соттың апелляциялық сот алқасы Тоқтар Төлешовтің ісі бойынша сотталғандарға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы NUR.KZ порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Іс апелляциялық сот алқасына келесі сотталушылардың арызы бойынша келіп түскен: Бақтыбаев И.Ж., Колтаков С.В., Жумин Б.С., Пернебаев К.К. және өзгелер делінген сот хабарламасында.
2016 жылдың 22 желтоқсанындағы апелляциялық сот үкімімен Жумин Б.С., Пернебаев К.К. мен Искаков К. А. рақымшылыққа ілікті.
Сотталушылар Б.С. Жумин мен К.К. Пернебаевтың "Рақымшылық" туралы заңның негізінде өтелмеген мерізімінің төрттен бір бөлігі қысқартылды.
Сотталушы Искаков К.А. болса "Рақымшылық" туралы заңның негізінде толықтай жазадан босатылды. Қалған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған.
Еске салсақ, 2016 жылдың 7 қарашасында 24 сотталушы өз жазаларын алған болатын.