Еліміздің барлық мектептері электрондық күнделікке көшіріледі (ВИДЕО)
2016 ж. 23 желтоқсан
2709
2
Келер жылдан бастап еліміздің барлық мектебінде Күнделік.kz электрондық жобасы енгізіледі. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева мәлімдеді, - деп хабарлайды 24.kz.
Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдары ішінде инфрақұрылымы ерекше 1356 мектеп салынды. Қазақ тілінде білім беретін оқу орындарының саны 3700-ден асқан. Ал дуалдық білім беру жүйесі аясында 419 колледж кәсіпорындармен серіктестік орнатты. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша 12 мыңға жуық стипендия беріліп, 8 мыңнан астам маман шетелден білім алып келді.
Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:
- Әр мектепке арнайы флешкалар дайындалып жатыр. Оның ішінде барлық бағдарламалар жиынтығы болады. Ал бұл бағдарламалар интернет желісіне қосылуды талап етпейді. Сонысымен бізді қызықтырды. Спутник пен интернет арқылы жұмыс істеуі әлде де жетілдірілмек.