Танымал блогер: Бекболат халықтан сұмдық зәбір көрген Ғайса екен де, халық - тобыр екен
2016 ж. 13 желтоқсан
4938
11
Жақында белсенді блогер Азамат Битан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Бекболат Тілеуханға ашық хат жазған еді. Аталмыш хатта ол депутаттың халықтан зәбір көріп жөрсе де, мойымауын сұрап, депутатқа қарсы шыққандардың бәрін тобыр деп атады. Аталмыш постқа тағы бір белсенді блогер Дина Елгезек жауап жазға екен. Бірге оқиық.
"Иә, Бекболат Тілеухан мен Азамат Битан халықтан сұмдық зәбір көрген екен, олар Сократ екен, Ғайса екен, Абай екен, Әлихан екен, Міржақып екен, Алаш арыстарының соңғы тұяғы екен де, ал, халық – тобыр екен... Иә, Бекболат пен әлгі ақылман бала – шыншыл, батыр, күрескер екен де, әбден майға семірген, ішкен-жегені алдында халық – биліктің елге жасаған бар жақсылығын бағаламайтын тобыр екен, қорқақ екен, жынды екен, әртіс екен...
[caption id="" align="aligncenter" width="440"] Блогерлер: Азамат Битан (сол жақта) мен Өркен Кенжебек[/caption]Халық Бекболатты көре алмайды екен. Құдай-оу, мемлекеттік сыйлықтары, алған атақ-мақтары аз екен, «Халық батыры» деген бір жапырақ қағаз бере салыңдаршы өзі, тынышталсын".
Дина Елгезек,