Гульнара Каримованың қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған - БАҚ
2016 ж. 23 қараша
2394
2
Бұған дейін бірқатар БАҚ беттерінде Өзбекстанның қайтыс болған президенті Ислам Каримовтің қызы қайтыс болды делінген ақпаратты жариялаған болатын. Бұл ақпаратта БАҚ Өзбекстан арнайы қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап Каримова 5 қарашада уланып қайтыс болған, сол күні ол Ташкенттегі "Минор" зиратында жерленді деп жариялаған. Әкесімен араз болып, басы дауға қалған өзбектің ерке қызы Гүлнәра Каримова соңғы мәліметтерде үй қамағында екені айтылып жүрген.
Енді, "Өзбекстанның бірінші президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова тірі", - деп хабарлады РИА Новости Каримовтар отбасымен жақын араласатын дереккөзге сілтеме жасап. "Гүлнара Каримова тірі, ол қайтыс болды деген мәлімет жалған", - деді агенттіктің дереккөзі.
Бірақ ол оның қазіргі уақытта қайда екенін айтқан жоқ. Қыркүйектің екісінде 78 жасқа келген Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримов дүниеден озды. Мемлекет басшысының уақытша міндетін орындаушы болып премьер-министр Шавкат Мирзиёев тағайындалды. Айта кетсек, Тамыздың отызында-ақ Өзбекстанда Ислам Каримов қайтыс болды деген ақпарат тарап кетті. Сол кезде оны терістеген жалғыз ақпаратты осы РИА Новости таратқан еді. Дегенмен 2 қыркүйекте өзбек билігі Каримовтің дүние салғанын ресми жариялаған болатын.
Дереккөз: Қамшы