Гульнара Каримованы өлтіріп кетті - шетелдік БАҚ
2016 ж. 22 қараша
6158
1
Марқұм Ислам Кәрімовтың қызы, 44 жастағы Гульнара Кәрімова кісі қолынан қайтыс болды, деп хабарлапты аты-жөнін атамауды сұраған Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері.
Қарашаның 5-і күні Гульнараны біреулер у беріп өлтіріп, сол түнде-ақ Ташкенттегі «Минор» зиратына жерлеп тастапты. Тіпті топырағын тегістеп тастаған, деп жазады Inozpress.kg.
Бірақ Өзбекстанның ресми билігі әзірге үнсіз отыр. Бұл туралы жақ ашпайды.
Ұлттық қауіпсіздік қызметіндегі дереккөз Гульнараны жерлеуге қатысыпты, бірақ Ислам әкәнің қазір қорғансыз қалған өзге балалары — ұлы Ислам мен қызы Иманның өмірі үшін алаңдағандықтан осы жайтты телефон арқылы хабарлапты.