Исекешев Астанадағы кептеліс үшін Сағынтаевтан сөз естіді
2016 ж. 14 қараша
1928
0
Үкiмет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев күн тәртiбiндегi мәселелерге көшпес бұрын, елорда әкімі Әсет Исекешевтен Астана көшелерiн қардан тазалау жұмыстары қалай жүрiп жатқанын сұрады деп хабарлайды Baq.kz.
Қала әкiмi өз сөзiнде қар тазалау жұмыстары түнi бойы жүргiзiлгенiн айтты.
«Шын мәнiнде, бүгiн ауа райы күрт өзгердi. Бiз дайындалдық. Түнi бойы сағат екiден бастап қар тазалау жұмыстары жүрдi. Негiзiнен, қазiр жолдар таза. Қар көп түскендiктен, қалада үлкен көлiк кептелiсi орын алды. Барлығы реттеледi», - дедi ол.
«Әсет Өрентайұлы, бұл сiздiң әкiм ретiнде қарсы алып отырған алғашқы қыс, алғашқы сынақ. Бұл жағдайдан абыройлы шығуыңызға тiлектеспiз», - дедi Сағынтаев.