Елімізде жоғары лауазымға ие болған сұлу қыз-келіншектер кім? (фото)
2016 ж. 14 қараша
5868
1
Биліктегі әйелдер десек, ойыңызға бірден орта жастан асқан, алды немере сүйіп үлгерген нәзік жандылар оралады.
NUR.KZ порталы назарларыңызға жас та болса бас болып, орынтағында нық отырған ханымдарды тізіп көрмек.
Бибігүл Асылова – Білім және ғылым министрінің орынбасары
Бибігүл Асылова бір сұхбатында ата-енесімен бір шаңырақ астында тұратынын айтқан еді. Оның ойынша, балалар үшін ата мен әже беретін тәрбиенің орыны мүлде бөлек. Вице-министр бірінші орынға отбасын қоятынын жасырмады.
Дана Жүнісова - «Атамекен» ҰКП басқарма басшысының орынбасары
Еңбек жолын 2003 жылы «Казақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-да бас маман болып бастаған. 2015 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы — «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экономикалық интеграция департаментінің директоры қызметінде.
Жеке өмірі туралы ғаламторда еш мәлімет келтірілмеген.
Әсем Нүсіпова – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Айта кету керек, Әсем Нүсіпова қаржы министрінің, тіпті премьер министрдің кеңесшісі қызметін, денсаулық сақтау вице-министрі қызметтерін атқарып келген. Жоғары шенді ана өзінің ең басты жетістігі ретінде Мансұр және Мариям атты егіз ұл мен қызын көреді.
Жанар Бектаева - Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары
ЖАНАР БЕКТАЕВА
Жанар осы жылдың көктемінде ОҚО-дағы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметіне жайғасты. Жанар ханым 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында туған. Қ.А.Яссауи атындағы университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Естеріңізге сала кетсек, Жанар Бектаева Созақ ауданының бұрынғы әкімі Әлібек Бектаевтың қызы.
Динара Болатбекқызы – Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестірушісі
ДИНАРА БОЛАТБЕКҚЫЗЫ. СКРИНШОТ YOUTUBE АРНАСЫНАН
Журналистикадан спорт менеджментіне бірден ауысқан маман аз уақыт ішінде танылып үлгерді. Лондонда телерадиожурналистика саласы бойынша магистратураны тәмамдап, елімізде біраз уақыт телеарнада қызмет жасағаны есте. Шет тілінде емін-еркін сөйлейтін ару өз тілін де қатты құрмет тұтады. Динара бокс федерациясы өткізген ірі халықаралық жарыстарда өзінің сауаттылығымен және жоғары мәдениетімен көзге түскен болатын.
Анна Алябьева – Астана қалалық жастар мәслихатының депутаты
АННА АЛЯБЬЕВА. ФОТО: НҰР ОТАН
Анна 1993 жылы Шымкент қаласында туған. Бес жасынан гимнастикамен айналысқан жас спортшы Лондон Олимпиадасынан кейін спорттан кететінін мәлімдеді. Ол қазір Астана қаласының жастар мәслихатының депутаты, бұдан әрі де өзін саясаттан көреді. Сондай-ақ ол балалар мен ересектерге арналған гимнастика студиясын ашып алды.