Талдықорғанда «Болашағымыз бірлікте!» атты Азаматтық форум өтті
2016 ж. 08 қараша
2486
0
«Қазақстан-2050» Стратегиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында, басқа да стратегиялық құжаттарда белгіленген мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестік қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру, өзара ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында Талдықорған қаласының Мәдениет сарайында «Болашағымыз бірлікте!» атты облыстық VII Азаматтық форумы өтті. Бұл туралы qazaquni.kz порталының өңірдегі тілшісі хабарлайды.
Форум жұмысы аясында 2015-2016 жылдары өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың іске асырылған үздік әлеуметтік жобалар көрмесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Алматы облысы азаматтық қоғам институттарының дамуы туралы деректі фильм әзірленді. Фильмде өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдармен өзара байланыстарды нығайту, мемлекеттік әлуеметтік тапсырысы аясында іске асырылған үздік жобалар туралы көрсетілген.
Форумның пленарлық отырысын Алматы облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Әлтайұлы Өнербаев ашып, сөз сөйледі.
Пленарлық отырысты Астана қаласындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» акционерлік қоғамы департаментінің директоры Исаков Ерболат Түгелбайұлы, Еуразия Орталық Азия қорының атқарушы директоры Темирбеков Ринад, «Филип Морис» компанияның сыртық байланыс жөніндегі басшысы Смаилов Айдос Қазбекұлы, Іле ауданы мәслихатының хатшысы Абилова Роза Михайловна жалғастырды.
Сонымен қатар, «Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қоғамдық өмірге бейімделу туралы» фильм көрсетіліп, сахнада «Асар» мүгедектерді реабилитациялау орталығының директоры Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы шығып, сөйледі.
Алматы облыстық Азаматтық Альянсының президенті Нұрмұханова Жанар Болатқызы Астана қаласында өтетін Қазақстанның VII Азаматтық форумының делегаттарының тізімін оқыды.
Келесі кезенде облыстағы ең үздік қоғамдық ұйымдардың жетекшілерін марапаттау рәсімі өтті.
Форум жұмысының бірінші кезені концерттік бағдарламамен аяқталды.
Түскі үзілістен кейін үкіметтік емес ұйымдарға арналған секциялық жұмыс өтті.
Тренинг «ҮЕҰ-дың бенефициарлар алдындағы есеп беруін дамыту» семинарды тәжірибелі тренер Ушакова Светлана өткізді. Тренинг «Сұрақ-жауап» форматымен аяқталды.
qazaquni.kz