Бішкекте Үмітхан Мұналбаеваның «КІТАПХАНАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА» кітабының тұсаукесері өтті
2016 ж. 29 қазан
3577
0
ТМД мүше-мемлекеттердің шығармашылық жəне ғылыми зиялы қауымының ХІ форумы бүгін өз жұмысын аяқтады. Осы форум аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогоика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаеваның «Кітапханалық педагогика» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.
[caption id="" align="aligncenter" width="662"] ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Ү.Д. Мұналбаева[/caption]Іс шараға Қырғызстанның мəдениет өкілдері мен басшылары қатысты.
«Кітапханалық педагогика» кітабы Қазақстандағы кітапхана ісіндегі кітапханалық педагогика саласының дамуына себін тигізетін бірден-бір оқу құралы болып саналады.
Педагогикалық міндет кітапхана ісіндегі маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны белгілі. Оқу құралында Қазақстандағы кітапханалық педагогика тарихы беріліп, шетелдік тәжірибелер қарастырылған, сондай-ақ балалармен жұмыс жасайтын кітапханашылардың педагогикалық қызметіндегі сан алуан аспектілер ашылады. Кітапханалық педагогикадағы психологиялық ерекшеліктермен, балалар оқуы бойынша педагогиканың кітапханалық ресурстарымен байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылып, балалар кітапханалары мен мектеп кітапханаларында түрлі іс-шаралар өткізуге арналған тәжірибелік зерттеулер ұсынылды. Сондай-ақ, кітапханалық педагогиканың аясындағы бірқатар зерттеу бағыттары көрсетілген.
Кітап барлық оқырмандарға арналған. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәбиелеу саласындағы тәжірибеші мамандар мен педагогикалық ғылым теоретиктеріне қажетті оқу құралдарының бірі болмақ. Үмітхан Дәуренбекқызы эксперименттік жұмыстарды жүргізу арқылы және нақты іс-шаралар нәтижесінде өткізген тәжірибесіне сүйену негізінде кітапты жазып шыққан болатын. Кітап екі тілде жарық көрді: қазақ және орыс тілдерінде.
Айта кетейік, Қырғызстан мемлекетінде болып өткен аталмыш форумға Қазақстан атынан бірнеше делегациялар барып қайтты. Атап айтар болсақ, ҚР Мəдениет жəне спорт министрінің баспасөз хатшысы Майра Қажымханқызы, ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мынбай, ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың бас директоры Мұналбаева Үмітхан Дауренбекқызы, Мемлекеттік концерт мекемесі «Қазақконцерт» директоры Сейдімбек Салтанат Акселеуқызы, Мемлекеттік «Есік» тарихи-мəдени қорық музейінің директоры Мұхтарова Гулмира Раилқызы.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мəдени байланыс жалғасын таба бергей!
qazaquni.kz