Дархан Кәлетаев парламент сенатының депутаты болып тағайындалды
2016 ж. 27 қазан
2003
0
Дархан Кәлетаев парламент сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Сонымен қатар, президенттің жарлығымен Берік Сақбайұлы Арын басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі, Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Сондай-ақ, Назарбаевтың жарлығымен парламент сенатының депутаты Владимир Яковлевич Бобровтың өкілеттігі тоқтатылды.
Айта кетейік, Дархан Кәлетаев бұған дейін Қазақстан велоспорт федерациясының президенті болған.