Ақмола облысының бұрынғы әкімі Сергей Дьяченко қайтыс болды
2016 ж. 26 қазан
1712
0
Бүгін парламенті мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко ауыр науқастан қайтыс болды. Бұл туралы мәжілістің пленарлы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«Сергей Дьяченко Мәжілістің екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы шақырылымдарында депутат болды. Төрағаның орынбасары қызметін атқарды. Өкінішке қарай, бүгін таңертең ауыр науқастан қайтыс болды. Барлықтарыңыздың атынан марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын», - деді Нұрлан Нығматулин.
Айта кетейік, Сергей Александрович Дьяченко 1952 жылы 18 қыркүйекте Ақмола облысының Шортанды елді мекенінде дүниеге келген. 1973 жылы Куйбышев жоспарлау иститутын экономист мамандығы бойынша, 1987 жылы Алматы Жоғары партия мектебін тәмамдады.
Сонымен қатар ол Саяси ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, мәжілістің бірнеше шақырылымында депутат болды. Ақмола облысы әкімі қызметін атқарды.
Дьяченконың артында әйелі мен үш баласы және төрт немересі қалды.