Дәурен Абаев 9 айлық жұмысты қорытындылады
2016 ж. 22 қазан
2928
0
Министр Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 9 айдың жұмысын құрытындылауға арналған алқа отырысын аша отырып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттің дамуындағы ерекше кезеңдерін атап өтті. Бұл туралы "Қала мен Дала" басылымы хабарлайды.
«Егеменді тарихымыздың ширек ғасырының межесін еңсере отырып, біздің халық шын мәнісінде тұрақты дамуымен және аса ірі жетістіктерімен мақтана алады. Тәуелсіздік жылдары біздің Президентіміздің басшылығымен қазақстандықтар ауызбіршілігі мен көп еңбек етуінің арқасында талай қиындықты еңсерді», – деді ол.
Осылайша, тәуелсіздік алған сәттен бастап ақпарат, ақпараттандыру және байланыс саласының инфрақұрылымы іс жүзінде қайтадан құрылды. 90-шы жылдардың басында Қазақстанда телекоммуникация желілерінде 12,5 мың шақырымнан астам талшықты-оптикалық кабельді магистраль салынды. 1999 жылы қалааралық/халықаралық байланыс желісі 100% цифрлық болды. Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша Қазақстан «желілік дайындық» индексі бойынша 39 орында, «Интернетті пайдаланушылар тығыздығы» бойынша 41 орында, АКТ саласындағы заңнаманың даму деңгейі бойынша 38 орында тұр. Бар-жоғы 11 жыл бұрын біздің елімізде ХҚКО-ны құру идеясы алқаш рет айтылған болатын. Бүгінде олар «бір терезе» қағидаты бойынша 29 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Қазақстан БҰҰ-ның рейтингісінде «Электрондық үкімет» индексі бойынша әлемде 33 орынды алады. Қолданыстағы 3 мыңнан астам БАҚ қатысып отырған толыққанды жұмыс істейтін және бәсекеге қабілетті медиа сала құрылды.
Министр атқарылған жұмыс туралы баяндамасымен сөз сөйлей отырып, үш негізгі бағытты: ақпарат, байланыс және ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуді атап өтті.
Бірінші бағыт бойынша «Құндылықтар картасы» (қоғамның рухани тірегін нығайтуға, отбасы құндылықтарын, патриотизмді және «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінде белгіленген басқа да құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған) мен «Мемлекеттік PR-Стратегиясын» (азаматтарға салалық бағдарламалар туралы ақпарат беруге және ең алдымен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жария етуге бағытталған) қамтитын Ақпараттық жұмыс стратегиясы әзірленді. БАҚ-қа тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Министрлік БАҚ, телерадио хабарларын тарату, байланыс және ақпараттандыру мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Тұжырымдама жобасымен 4 кодекс пен 12 заңға өзгерістер енгізу көзделуде. Тұжырымдама кең талқылаудан өтті. Оң әрі сын пікірлер ескерілді. Аталған бағыт бойынша жақын уақытта Заң жобасын жариялап, келесі жылдың бірінші жартыжылдығынан бастап заң жобасын Парламентке енгізу үшін құжатты халықпен кеңінен талқылау жөнінде тапсырма берілді.
Екінші бағыт бойынша басым міндеттердің бірі ретінде халықты Интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен (бұдан әрі – КЖҚ) қамтамасыз ету белгіленді. Бүгінде пайдаланушылар саны 73%-ға жетті. Тұрғындар саны 10 мың және одан көп ауылдық елді мекендерде 3G стандартының мобильді байланысы ендірілді. 4G стандарты тұрғындар саны 50 мың және одан көп ауылдық елді мекендерде қосылды. 2017 жылдың соңына қарай еліміздің барлық аудан орталықтары 4G стандартымен қамтылатын болады. Министрлік мемлекеттік-жеке әріптестік арқылы «ҚР ауылдық елді мекендерін (АЕМ) Интернет желісіне КЖҚ қамтамасыз ету» жобасын әзірледі. Аталған жоба 1300 ауылдық елді мекендерде іске асырылған жағдайда, жаңа буындағы байланыс инфрақұрылымы құралатын болады. 1 қаңтардан бастап «мобильді құлдық» деген жойылды. Телевидения инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде «OTAU TV» спутниктік хабар тарату желісі еліміздің аумағын 100% қамтуды қамтамасыз етеді. 1 қазандағы жағдай бойынша абоненттер саны 1 млн. 204 мың құрады. Аталған бағыт бойынша Жобаны іске асыру жөніндегі жол картасын бекіту, «OTAU TV» бәсекеге қабілеттілігін және көрсетімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.
«Ақпараттандыру саласы бойынша Министрлік республикалық бюджетке салмақ салмай, квазимемлекеттік секторлар, жеке инвесторлар қаржыландыруды көздейтін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірледі. Бұл қадам басқа да әлеуметтік маңызды жобаларға жолдауға болатын мемлекет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді», – деді министр.
Осыған орай, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде іске асыруға жоспарланған жобалар үшін инвестициялар тартуды қамтамасыз ету тапсырылды.
Үшінші бағыт бойынша 30 млн. астам көрсетілген электрондық қызметтер атап өтілді, 17 мыңнан астам электрондық лицензия, 433 мың рұқсат құжаты берілді, 854 мың адам тіркелді. Бүгінде Мемқызмет тізілімінде 739 атау бар, олардың ішінде 530-ын электрондық үкімет порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы алуға болады. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қажетті кеңестер алуға болатын 1414 бірыңғай нөмірі енгізілді. Сонымен қатар, Мемкорпорациядағы сыбайлас жемқорлық оқиғалары да атап өтілді. Бұл мәселені басшылықтың ерекше бақылауына алу тапсырылды. Бұдан басқа, жылдың соңына дейін Мемкорпорация арқылы электрондық нысанда кемінде 65% мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету, Мемкорпорацияға берілген жаңа 53 мемқызметті интерацияланған ақпарат жүйесіне қосуды аяқтау тапсырылды.
qazaquni.kz