"Қазақстан" ұлттық арнасына жаңа басшы тағайындалды
2016 ж. 01 қазан
2508
0
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дəурен Абаев «Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаевты таныстырды.
Министрдің айтуынша, корпорацияның бұрынғы басшысы Нұржан Мұхамеджанова төрағаның бірінші орынбасары болып тағайындалады және корпорация мен филиалдардың стратегиялық даму мәселелерімен айналысады. Дәурен Абаев корпорацияның жемісті жұмыс істегенін атап өтіп, ұжымға табыс тіледі.
Жаңадан тағайындалған Кемелбек Ойшыбаев ұжым өзіне артылған сенім мен үмітті ақтауға тырысатынын жеткізді.
«Сіздің барлық тапсырмаңыз міндетті түрде орындалады», - деп сендірді ол.
Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы 13 шілдеде өмірге келді. Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, «Қазмедиа орталығы» бас директорының бірінші орынбасары, «Zaman Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік сатылым дирекциясының бас директоры қызметтерін атқарған.