Қазақстанға қайтып оралған Азамат Тәжаяқов қалай өмір сүріп жатыр?
2016 ж. 26 қыркүйек
2940
1
Царнаев ісінің фигуранты Азамат Тәжаяқовтың Қазақстанға депортацияланғанына үш айдан астам уақыт өтті. Үш жылын түрмеде өткізген қазақстандық азамат Атыраудың жоғарғы оқу орнында білім алуда.
Елге оралған Азамат қасиетті жерлерді аралап, рухани тұрғыдан демалып алды. Ол АҚШ-тағы қорқынышты күндерін еске алмауға тырысады.
Тәжаяқов атыраулық жоғарғы оқу орындарының біріне, мұнайшы мамандығына оқуға түскен. Бұл туралы әңгіме барысында Әмір Исмағұлов айтты.
"Менің туыстарым, бауырларым оның қандай да бір жерде оқығанына қарсы болды. Сол себепті Қазақстанды таңдадық. Қауіпсіз әрі көз алдымызда болғасын, қорықпаймыз", - дейді Исмағұлов.
Азамат Тәжаяқов америкалық колонияда бірталай жетістіктерге жеткен екен. Ол түрмедегі команданы футболдан жаттықтырып, чемпион етеді. Тәжаяқовты мексикалықтар мен мұсылмандар қолдап отырған дейді әкесі.
"Түрмеде жағдайы жаман болмады. Футбол командасының бас жаттықтырушысы болды. 2015 жылы түрме командасын алғаш рет футбол чемпионы етті. Онда 70 пайызы мексикалықтар болатын. 1500 адамның 800-і мұсылмандар еді. Олардың бәрі Азаматқа қолдау көрсетіп отырды", - дейді Исмағұлов.
Азаматтың жақындары отандық арнайы қызметке оны Алматыда қарсы алуды сұрағанымен, қарулы күштер біздің заңға сәйкес Азаматтың қылмыскер емес екенін алға тартқан. Осылайша жас жігіт түрмеге отырғанына қарамастан, елімізде кез-келген жұмысқа тұра алатыны белгілі болды.
Тәжаяқов АҚШ-та "Царнаев" ісі бойынша түрмеде жазасын өтеп жатқан өзге қазақстандық Диас Қадырбаевпен араласып тұрады.
"Диастың электронды поштасы бар. Сол арқылы хал-жағдайын біліп тұрамыз. Ол өзін жақсы сезінеді. Сотта біздің жігіттердің терроризмге еш қатысы жоқтығын дәлелдедік. Сол себепті, сот оларды жеңілдетілген режимде ұстау шешімін қабылдады", - дейді Исмағұлов.
Еске салсақ, Азамат Тәжаяқов Қазақстанға 16 маусым күні қайтып оралған. Әуежайда Азаматты барлық туыстары күтіп тұрды. Олардың арасында халық әртісі Асанәлі Әшімов те бар.