ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Белісбековтың айтуынша, соңғы жылдары сан алуан террористік акциялардың алдын алу шаралары атқарылып, жүздеген адамның xалықаралық лаңкестік ұйымдарына қосылуына жол берілмеді. Дегенмен, Сириядағы әскери қақтығыстарға қатысып жатқан Қазақстан азаматтары бар. Бүгінде олардың арасында радикалды көзқарасқа бой алдырған адамдар аз емес. Әскери дайындығы да жоғары. Сондықтан ондай азаматтар елге қайтіп келгеннен кейін террористік акт жасауы әбден мүмкін, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
ҰҚК: Жиһадшылар елімізде террористік актілер жасауы әбден мүмкін
2016 ж. 22 қыркүйек
2815
3
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес, соңғы бес жылдың ішінде сан алуан мақсаттағы 64 террористік және экстремистік акциялардың жолы кесілді. Ал ағымдағы жылы ондай 9 әрекет әшкереленді.
«Ауғанстан, Ирак пен Сириядағы әскери қақтығыстар басталғалы бері xалықаралық террористік ұйымдардың белсенділігі арта түсті. Осы уақытқа дейін террористік лагерьлерден 45 Қазақстан азаматы депортацияланды. Өз еркімен оралған адамдар да аз емес. Жалпы, бес жылдың ішінде 445 адам сотталды. Жыл басынан бері 25 адамға қатысты үкім шығарылды, тағы 50 жуық адам уақытша қамау изоляторында отыр», - дейді Н.Белісбеков "Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары" тақырыбындағы "дөңгелек үстел" отырысы барысында.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Сириядағы әскери қақтығыстарға қатысып жатқан Қазақстан азаматтары аз емес. Олардың басым бөлігі радикалды көзқараста жүр. Әскери дайындықтары да жоғары. Сондықтан дәл осы азаматтар елге қайтіп келсе, террористік актілер қайталануы әбден мүмкін.
«Қазіргі кезде біз ондай адамдарды ары кетсе, 7 жылға соттай аламыз. Бұл - ең жоғары жаза. Сондықтан осы мәселені реттеу керек деп санаймыз»,-деп атап көрсетті Н.Белісбеков.