Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын «Электронды үкімет» пен мемлекеттік корпорация жүзеге асыратын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Д. Абаев: Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80% электронды түрде жүзеге асады
2016 ж. 20 қыркүйек
1502
0
«Мемлекеттік органдардың басты міндеті халыққа қызметтің барынша сапалы, әрі оңай көрсетілуін қамтамасыз ету екенін Елбасы үнемі айтып келеді. Осы бағытта ел игілігі үшін қыруар іс-шара жүзеге асуда. Мысалы, жеке куәлікті алу бұрын бір айға созылса, қазір ол бар болғаны 2 күнде дайын болады. Және тіркеу орнына қарамастан, кез келген қаладан ала бересіз. Осылайша халықтың уақыты ғана емес, қаржысы да үнемделіп отыр. Немесе ең жиі сұралатын қызметтердің бірі - «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы» анықтамаға тоқталайық. Бұрын 7 күн ішінде берілетін осы құжатты қазір санаулы минут ішінде алуға болады. Кәсіпкерлік үшін жасалған жеңілдіктер де аса қомақты. Мысалы, барлық лицензия түрлерін алу бұрын 30 күнге созылды. Ол үшін талай құжат жинауға тура келетін. Қазір электрондық үкімет порталы арқылы оны 15 күн ішінде жүзеге асыруға болады. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады», - дейді Дәурен Абаев.
Министрдің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтер реестрінде 739 қызмет түрі бар. Соның 530-ын электронды үкімет порталы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемелеттік корпорациясы арқылы алуға болады.
«Мекемеаралық комиссияның биылғы отырысында 209 қағаз жүзіндегі қызметтер, оның 53-і «Азаматтарға арналған үкіметке» берілген. Ал қалған 156-сы әзірге толық шешілген жоқ. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын «электронды үкімет» пен мемлекеттік корпорация жүзеге асыратын болады» , - дейді ол.