Қазақстандық блогер Айнұр Нұрсейіт Анталия - Алматы бағытындағы ұшақтың бортында болған төбелес үшін кешірім сұрады
2016 ж. 16 қыркүйек
2668
0
Қазақстандық блогер Айнұр Нұрсейіт Анталия - Алматы бағытындағы ұшақтың бортында болған төбелес үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыздың айтуынша, онда жанжалдасқан әйелдер тобы болған. "Ұшақ бортында бір әйелмен жанжал шықты. Әкеміз бізден бөлек отырды. Ол кішкене ішімдік ішіп алған болатын, сондықтан ештеңеге араласқан жоқ. Алайда оған бірнеше рет намысына тиетін сөздер айтылды. Ол орнынан тұрып әйелге сондай жауап қайтарған кезде, бір ер адам әкемнің бетінен жұдырықпен ұрып жіберді. Біз содан кейін білдік олар таныс немесе туыс болған. Менің әкем соққыдан қашып, ешқандай жарақат алған жоқ. Ақтау қаласының сот медициналық сараптамасы әкемді жеңіл мас күйінде болды деп қорытындылады.
Оның айтуынша, оның әкесі жауап қайтарған кезде ұрыс-керіс өрши түскен. Айнұр Нұрсейіт өзінің әкесінің әрекетін дұрыс еместігін мойындады. "Әрине біз ұятқа қалдық. WhatsApp мессенджерінде менің әкемді жағымсыз етіп көрсеткен роликтер тарап жүр. Бірақ менің ойымша, бұл жағдайды толығымен түсіну үшін басқа да роликтерді жүктейді деп ойлаймын. Біз ұшақ бортында болған барлық жолаушылардан кешірім сұраймыз. Біз тыныш отыруымыз керек еді. Сонда барлығы дұрыс болар еді. Иә, басқалай әрекеттер де жасауға болар еді. Бірақ ол кезде жағдай мүлдем басқаша болар еді", - деп қорытындылады Айнұр.
Осыған дейін, Ақтау қаласының Халықаралық әуежайына 12 қыркүйекке қараған түні Анталиядан Алматыға ұшып бара жатқан Atlas Global компаниясының ұшағы жедел түрде қонған. Түркияның әуе компаниясы осы рейспен кетіп бара жатқан үш адамды тасымалдамайтынын айтып, арыз берген. Олар алкогольді ішімдікке мас болған. Оның шұғыл осындай әрекетке баруы борттағы төбелеске байланысты болған. Tengrinews.kz тілшісі осы оқиғаның куәгерімен хабарласып, жолаушылар арасында неліктен жанжал шыққанын анықтаған болатын.
Тексеріс барысында Алматы облысының үш азаматы екені анықталды. Олар көліктегі полиция қызметкерлеріне табысталған. Олар ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.