Төлешовтің ісін Челах пен Жоламановқа жаза тағайындаған судья қарайтын болды
2016 ж. 14 қыркүйек
2452
21
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әскери сотында бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешовке қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Қылмыстық іс жабық түрде қаралып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары сот дәлізін күзетуде деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл ойын жүзеге асыру үшін Тоқтар Төлешов құзырлы органдар мен әскери саладағы ведомстволардан сыбайластар тапқан екен. Жалпы, осы қылмыстық істе 25 фигурант бар.
Ел билігін күшпен басып алуға әрекеттенді деген айыптан басқа, Тоқтар Төлешовке адам ұрлады, билікті басып алуға үгіт-насихат жасады, заңсыз қару-жарақ сақтады деген тағы ондаған бап бойынша кінә тағылып отыр.
Айтып өткеніміздей, сот жабық түрде өтіп жатыр. Өйткені, қылмыстық істе мемлекеттік құпияларға қатысты деректер бар. Сот төрешісі - Ербол Ахметжанов (15 адамды өлтірді деп айыпталған Владислав Челахқа және пара алғаны үшін айыпталған генерал Нұрлан Жоламановқа жаза тағайындаған, ред. ескретпесі).