Асқар Мамин Қазақстанның бірінші вице-премьері болып тағайындалды
2016 ж. 09 қыркүйек
2741
0
Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді Қазақстанның бірінші вице-премьері етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Асқар Мамин 1965 жылы дүниеге келген. Целиноград инженер-құрылыс институтын, Ресей экономикалық академиясын тәмамдайды. Экономист, инженер-құрылысшы мамандықтарын меңгерген.
«Целинтяжстрой» трестінде қызметін бастаған ол 1996 - 2008 жылдары Астана әкімінің бірінші орынбасары атанады. Кейін Көлік және коммуникация вице-министрі, Индустрия және сауданың бірінші вице-министрі, Көлік және коммуникация министрі, Астана қаласының әкімі болған.
2008 жылдың сәуірінен - «ҚазақстанТемір Жолы» ұлттық компаниясының президенті.